21:17, 30 сәуір 2025
Әлемге аты танылған атақы әнші Димаш Құдайбергеннің отбасына құдалар келді. Өнер иесінің туған қарындасы – 23 жастағы Раушан Құдайберген ұзатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылы 30 сәуірде қалыңдықтың Instagram парақшасында жарияланған видеодан белгілі болды.
Видеодан Раушанның ұлттық киімде ұзатылып жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, видеода күйеу жігіттің өзі, Димаштың қарындасын сүйіп жатқан сәті, сырға салу рәсімі кезінде қалыңдықтың әкесі — Қанат Айтбаевтың көзіне жас алғаны сипатталған. Ал видео сипаттамасына тек жүректің суреті қалдырылыпты.






Leave a Reply