09:58, 16 қараша 2025
Алматылық «Қайрат» футбол клубының форварды Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының тарихындағы ең жас гол авторы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
17 жастағы ойыншы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы аясында Астанада Қазақстан құрамасының Бельгияға қарсы ойынында өзінің алғашқы голын соқты.
Дастан Сәтпаев кездесудің 10-шы минутында есеп ашып, Қазақстан құрамасының рекордын жаңартты.
Ал Талғат Байсуфиновтың шәкірттері әлемнің үздік құрамаларының біріне қарсы осы матчты 1:1 есебімен тең аяқтады.
Сондай-ақ, біздің футболшылар ойын соңында азшылықта болды, өрескел бұзушылық үшін Ислам Чесноков алаңнан қуылды.
Дастан Сатпаев
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:






Leave a Reply