12:29, 22 желтоқсан 2025
Каталониялық «Барселона» футбол клубы қатарынан жетінші жеңісіне қол жеткізді. Соңғы ойында команда Испания чемпионатының 17-туры аясында сырт алаңда «Вильярреалды» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 желтоқсанда «Эстадио де ла Серамика» стадионында өткен кездесуде Ханси Флик жаттықтыратын ұжым алаң иелерінің қақпасына жауапсыз екі гол соқты.
Бразилиялық Рафинья есепті 12-минутта пенальтимен ашты. Ал екінші таймда Ламин Ямаль өздерінің басымдығын екі есеге арттырды.
zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!






Leave a Reply