Ақтаудағы кафеде қайғылы жағдай орын алды: полиция қылмыстық іс қозғады


22:58, 3 желтоқсан 2025

Ақтау қаласының 7А шағынауданындағы жағалаулық кафеде 1 желтоқсанда ер адамның асылып тұрған денесі табылды.

Алдын ала деректер бойынша, қайтыс болған азамат — 24 жастағы жергілікті тұрғын.

«Оқиға орнында ешқандай жазба, немесе қоштасу хаты табылған жоқ. Отбасы мүшелері оның бұрын қандай да бір проблемаларының барын байқамағанын хабарлады», – делінген ресми ақпаратта.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл іс бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе көмектесу» дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Алматыдағы теміржол вокзалы маңында ер адамның пышақпен адамдарды қорқытқаны туралы хабарланған еді.