19:40, 16 шілде 2025
Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы аясында есірткі затын өсірумен айналысқан 52 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде фитозертхана ретінде жабдықталған сарайынан салмағы 5 келі болатын 21 түп қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды». Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Айта кетсек, 2025 жылдың алты айында 38 жасөспірім есірткі қылмысы бойынша ұсталған.






Leave a Reply