18:42, 29 шілде 2025
Астанада Қорғалжын тас жолында қосымша жүріс жолағын салу мақсатында жолдың ортасында орналасқан бөлгіш құрылымды алу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы дәл осындай жұмыстар Қорғалжын тас жолы мен Е-430 көшесінің қиылысында да жүргізілетінін де нақтылайды.
«Осыған байланысты, 29 шілдеден бастап 20 тамызға дейін Қорғалжын тас жолы мен Айтматов көшесінің, сондай-ақ Қорғалжын тас жолы мен Е-430 көшесінің қиылыстарында екі бағытта да көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз», делінген хабарламада.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Сол секілді Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскеде Сейфуллин көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі:
«Осыған байланысты 26 маусым — 6 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бірінші Республика даңғылына қарай, кейін Сарырқа даңғылына қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады».

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.






Leave a Reply