Астанада парадқа дайындық қалай жүріп жатыр


Бүгін, 2025 жылы 7 мамырда Астанада Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді. Парадқа дайындық барысында түсірілген фотосуреттермен Президенттің баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Суреттер Telegram-дағы БОРТ N1 арнасында жарияланды.

Сурет: Telegram/bort_01

«7 мамыр таңы. Астананың кішкентай тұрғындары мен қонақтары парадқа дайын», делінген сурет сипатттамасында.

7 мамыр мерекесіне орай елордада бүгін бірнеше көше ішінара жабылады.