Астанада заңсыз саудамен айналысқан азамат жауапкершілікке тартылды


Астанада өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сарайшық аудандық полиция қызметкерлері заңсыз сауда фактісін анықтады.

Тексеру барысында 37 жастағы қала тұрғыны дүкендердің бірінде шегілмейтін темекі өнімін заңсыз сатып жатқан жерінен ұсталды.

Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жауапқа тартылды. Соттың шешімімен оған айыппұл салынды.

Астана қалалық полиция департаменті азаматтарды қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға және заңсыз кәсіпкерлікпен айналыспауға шақырады.

Заңсыз сауда – азаматтардың денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, қоғамдық тәртіпке де кері әсерін тигізеді.