Алматының орталығындағы мейрамхана террасасы сот шешімімен бұзылды. Бұл ақпаратты Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басқарма мәліметінше, Сейфуллин даңғылы, 574/5 мекенжайында орналасқан мейрамхананың бір қабаты заңсыз салынған.
«Нысанды жоспардан тыс тексеру барысында жалпы ауданы 165 шаршы метр болатын террасадағы тұрғын емес үй-жайға салынған құрылыс рұқсатсыз тұрғызылғаны анықталған.Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, кейін Бостандық аудандық сотына талап-арыз жолданды». Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бірінші сатыдағы соттың шешімімен басқарманың нысанды бұзу туралы талап-арызы қанағаттандырылды.
Алматы қалалық сотының 2025 жылы 16 шілдеде қаулысымен бұл шешім өзгеріссіз қалдырылды.
Сот шешімін орындау аясында мейрамхананың заңсыз салынған қабатын меншік иесі өз еркімен бұзды.






Leave a Reply