17:25, 10 сәуір 2025
Бүгін, 10 сәуірде Алматы облысының Кеген ауданында Ерсу ауылының маңында өзенді кесіп өтпек болған жеңіл көлік суда қалып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері дереу жетіп, суға батқан көліктен 3 адамды эвакуациялады.
Оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ, әсіресе көктемгі су тасқыны кезеңінде, өтуі қиын учаскелерде жүріп-тұру кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертті.






Leave a Reply