Алматы облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады


21:46, 27 наурыз 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Толқын орта мектебі» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі үздік нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қуандық Санжар Ғалымжанұлы ҰБТ-да ең жоғары 140 балды жинады.

«Толқын орта мектебінің» ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, наурыздағы ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтіп жатыр.