Алматы облысында ескерткішке нұқсан келтірген вандалдарды полиция іздестіріп жатыр


13:25, 4 наурыз 2026

2026 жылғы 2 наурызда Ұзынағаш ауылында зират аумағындағы бір ескерткіште вандализм фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар оқиғаның салдарын жою бойынша жедел шаралар жүргізіп, қорлайтын жазу өшірілді.

Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қылмыскерлерді анықтау және ұстау мақсатында қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Еске салсақ, 2025 жылдың соңында Астанада елдің басты мемориалдарының бірін «бояп тастаған» әйел жазаланған болатын.