16:07, 28 ақпан 2025
Алматыда жаңа су желілерін іске қосу бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты бірнеше шағын ауданда суық су өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алматы су» хабарлағандай, осыған байланысты 2 наурызда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Ұлықбек көшесінің бойында, Момышұлы көшесінен Сайна даңғылына дейін орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру шектеледі. Сондай-ақ мына шағын аудандарда: Жетісу-1, Жетісу-3, Ақсай-4, Ақсай-5, Достық.
«Бұл шаралар қауіпсіздікті және жұмыстың сәтті аяқталуын қамтамасыз ету үшін қажет», – деп түсіндірді компания.
Тұрғындардан қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
«Алматы су» диспетчерлік қызметі: 274-66-66.
Бір күн бұрын, 27 ақпанда қала әкімі Ерболат Досаев 50 мың алматылықтың су мәселесі қалай шешілгенін айтты.






Leave a Reply