Алматыда тоғыз су қоймасына суға түсуге болмайды


18:57, 13 мамыр 2025

Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда тоғыз су қоймасына суға түсуге болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала аумағы мен тауға жақын жерлерде орналасқан 44 су қоймасы бар. Олардың 9-ы қауіпті саналады:

  • «Шаңырақ» ықшам ауданындағы Үлкен Алматы өзені;
  • «Дархан» ықшам ауданындағы Үлкен Алматы өзені;
  • Әл-Фараби мен Навои көшелері маңындағы Үлкен Алматы өзені;
  • «Кемел» ықшамауданындағы «Первомайские пруды»;
  • Кіші Алматы өзені (Бутаковкаға бұрыла бергенде);
  • Юннатское өзені;
  • «Қарасу» ықшам ауданындағы тоған;
  • Аэропортовское өзені;
  • Қарасу жақтағы өзен (Шестуха).

4 жерде суға шомылуға рұқсат етіледі:

  • Сайран көлінің батыс және шығыс жағында;
  • «Гүлдер» демалыс орны;
  • «Баум» бағының аумағындағы жағажайда.

Алайда қазір бұл су қоймалары суға тола қоймаған.