Алматыда тағы бір көше жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады


18:15, 15 тамыз 2025

Алматыда Шевченко көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты Шевченко көшесінің бір бөлігінде уақытша қозғалыс шектеледі.

Almaty_Joly Telegram-арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, 15 тамыз сағат 22:00-ден 16 тамыз сағат 06:00-ге дейін Гагарин даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толық жабылады.

Сурет: Telegram/AlmatyJoly

Бұған дейін қаладағы Әуезов ауданында Яссауи көшесінде 24 күн бойы қозғалыс ішінара шектелетіні хабарланған еді.