Алматыда сатушының мысыққа жасаған қатыгездігі видеоға түсіп қалды


13:38, 22 ақпан 2025

Әлеуметтік желіде «Гастроном» дүкенінің қызметкері мысықты биіктен лақтырып жібергені түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Алматыда баланың көз алдында болған.

Жануардың өлі не тірі екені әзірше белгісіз.

Zakon.kz редакциясы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен оқиғаға қатысты түсінік беруін сұрады.

«Бостандық аудандық полиция бөлімі бұл фактіге қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Құқықтық баға беріліп, шара қолданылады», — деді полиция.