Алматыда жерасты интим-қызмет көрсететін студия анықталып, таратылды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында заңсыз жұмыс істеген студия табылған.
«Ғимарат ішінде интим-қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдықтар мен реквизиттер болған», – деп нақтылады полицейлер.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Барлық мән-жай мен заңсыз әрекетке қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін сараптамалар тағайындалды, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД Алматы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, бір апта бұрын Астанада полиция жерасты «БДСМ-студиясының» жұмысын тоқтатқан болатын. Ол студия елордадағы тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінде орналасқаны анықталды.






Leave a Reply