Алматыда есірткі жарнамалары жойылды


13:35, 19 мамыр 2025

Алматыда есірткі жарнамасы бар жазуларды бояуға арналған кезекті бірлескен науқан өтті.

Тұрғын ауданда еріктілер мен полиция қызметкерлері, қабырғаларды, тыйым салынған заттарды насихаттайтын жазулардан тазартты.

Іс-шара Мемлекет Басшысы белгілеген «Заң және Тәртіп» қағидаты рухында және ҚР Ішкі істер Министрлігі жариялаған «Профилактика жылы» аясында өтті.

Науқанның басты мақсаты – есірткінің көрнекі насихатын жою ғана емес, сонымен қатар есірткі қаупімен күресу барлық құрылымдардың: мемлекеттік органдардың, полицияның және азаматтық сектордың күш-жігерін біріктіруді талап ететін қоғамның ортақ ісі екенін көрсету.

Мұндай бастамалар қоғамда есірткі қылмысына мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және жастарды өз қаласы мен болашақ ұрпақты қорғау үшін нақты әрекеттерге тартуға көмектеседі.