Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы қария үйіне жетпей, көз жұмды


20:58, 11 маусым 2025

11 маусымда Алматыда «Три богатыря» атты дүкен маңындағы тұрғын үй кешені алдында 89 жастағы әже қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қауіпсіздік камераларындағы бейнені сүзіп шыққан сатушының айтуынша, қария дүкеннен шыққан соң құлаған.

Осы уақытта артқа беріп жатқан «Газель» зейнеткерді іліп кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, соққыдан кейін де егде жастағы әйел тірі болған, тіпті су ішкен.

Алайда кейінірек оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері оның өлімін тіркеді.

Сондай-ақ ақ халаттылар егде жастағы әйелдің бір жамбасында гематома барын айтқан.