Александр Македонскийге арналған коллекциялық монеталар сатылымға шығады


13:49, 26 шілде 2025

Қазақстан теңге сарайында жасалып шыққан Александр Македонскийге арналған коллекциялық монеталар 2025 жылғы 29 шілдеден бастап сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, » ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары Ұлы қолбасшылар» сериясынан тұрады.

«Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана», делінген хабарламада.

Монета, Александр Македонский, Ұлы қолбасшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2025 13:49

Сурет: ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі

Коллекциялық монеталар Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

Бұған дейін Ұлттық Банк «ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын айналымға шығарған болатын.