Алан Құрманғалиев Сингапурдағы турнирде жүлдеге бір қадам жетпей қалды


17:08, 3 наурыз 2026

Сингапурда WTT Singapore Youth Smash ірі халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев U19 жас санатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Отандасымыз жарыс барысында Доминикас Самуолисті (Дания) – 4:1, Ю Хайянды (Қытай) – 4:1, Сеа Бенайяны (Сингапур) – 4:3, Лой Син Яоны (Сингапур) – 4:0 есебімен жеңді.

Алайда ширек финалда өткен тартысты кездесуде Эмануэль Отальвароға (Колумбия) 3:4 есебімен жол берді.

Айта кетейік, жартылай финалға шыққан жағдайда қазақстандық спортшы кемінде қола жүлдені қамтамасыз етер еді.