2025 жылғы 4 сәуірде Алматының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін Шәріп Серікке қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотпен анықталғаны
Шәріп Серік серіктесі Әлия Бөтеевамен жанжалдасып, мінез-құлық нормаларын бұза отырып, әдепсіз сөздер қолдануға жол берген.
Сот талқылауы барысында Серік өз кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.
ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінің санкциясы:
Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, тұрғын үйде жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – ескерту жасауға не бес тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
Сот шешімі
Сот қаулысымен С., Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ






Leave a Reply